07.12.2011, 13:47 2948

Қазақстанда инновацияны мемлекеттік қолдаудың 13 тетігі жұмыс істейді

"Инновациялардың дамуы адамның ментальдылығына байланысты, келешекті қалай құруға болатынын, ол кезде қандай технологиялар дамитынын қаншалықты көп адам ойланса,бізде тренд соншалықты анықталады және қоғам технологиялық инновациялармен айналысуға бейімделеді", - дейді Р.Рахимов.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда инновацияны мемлекеттік қолдаудың 13 тетігі жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның Инновациялық үдерістерге сараптамалық қолдау көрсету орталығының директоры Расул Рахимов Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында мәлім етті.

"Инновациялардың дамуы адамның ментальдылығына байланысты, келешекті қалай құруға болатынын, ол кезде қандай технологиялар дамитынын қаншалықты көп адам ойланса,бізде тренд соншалықты анықталады және қоғам технологиялық инновациялармен айналысуға бейімделеді", - дейді Р.Рахимов.

Оның айтуынша, елімізде инновацияларға деген үлкен орнықты сұраныс экономиканың кен өндіру және мұнай-газ салалары сияқты ең дамыған секторлары тарапынан туындап отыр. Мұнымен шектеліп қалмай, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруашылығы, коммуникация және т.б.с. сияқты даму әлеуеті зор салаларда жаңа технологияларға сұраныс туғызу керек.

Р.Рахимовтың атап көрсетуінше, Қазақстан инновацияларды дамытуда үлкен қадам жасап отыр. Қазіргі таңда елімізде жаңа технологияларды мемлекеттік қолдаудың 13 тетігі жұмыс істейді.

"Олардың ішінде инновациялық гранттар бөлу тетігінің маңызы зор. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 7,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Технологияларды коммерцияландыру жүйесі іске қосылды, алғашқы 18 жоба бойынша 9 кеңсе жұмысқа кірісті. Алдағы жылдары да осындай даму динамикасы сақталады деп күтудеміз",- дейді Р.Рахимов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны