01.02.2013, 12:16 3198

Қазақстанда Қалдықтарды басқарудың жаңа бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

"2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңаша басқару құралы - Қалдықтарды басқару бағдарламасы енгізілді",-деді ол.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан елімізде Қалдықтарды басқару бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров айтты.

"2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңаша басқару құралы - Қалдықтарды басқару бағдарламасы енгізілді",-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, бұл Бағдарлама жинақталған және түзілген қалдықтарды азайту бойынша іс-шаралар жүргізуді көздейді.

"Өздеріңіз білетіндей, қазір елімізде 100 млн. тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық бар. Осы мәселені кешенді әрі тиімді түрде шешу үшін Президенттің 2013 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың жалпы саясаты біздің министрлікке берілді",-деді Н. Қаппаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны