03.10.2012, 18:25 3237

Қазақстанда қалпына келтірілетін қуат көзінің Орталық Азиядағы қоры құрылады

Қорды құрудың мақсаты Орталық Азиядағы Ислам даму банкіне мүше елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағында балама қуат көзі саласындағы жобаларға 10 жылға дейінгі мерзіммен инвестиция салу болып табылады.

"Ұлттық технологиялық даму агенттігі" АҚ мен Ислам даму банкінің тобына кіретін Жеке саланы дамыту жоніндегі Ислам корпорациясы Қазақстанда қалпына келтірілетін қуат көзінің Орталық Азиядағы қорын құру туралы Меморандумға қол қойды.

Қорды құрудың мақсаты Орталық Азиядағы Ислам даму банкіне мүше елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағында балама қуат көзі саласындағы жобаларға 10 жылға дейінгі мерзіммен инвестиция салу болып табылады.

Меморандумға Ислам даму банкінің Қазақстандағы тобының күні мен Қазақстанның Елдік серіктестік стратегиясын іске қосу аясында қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны