16.07.2014, 22:28 3018

Қазақстанда канадалық кәсіпкерлер үшін елдегі инвестклиматты жақсарту бойынша семинар өтті

Интерактивті диалог форматында іс-шараға қатысушылар Қазақстанның құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы маңызды рөлінің өсуін атап өтіп, инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер пакетін енгізу бойынша қазақстандық тараптың бастамаларын, соның ішінде ҚР экономикасына ең ірі инвесторлар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша шешімін жоғары бағалады.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Монреаль қаласында (Канада) Ресей мен Еуразиядағы Канада іскерлік қауымдастығының (Canada Eurasia Russia Business Association, CERBA) қатысуымен Қазақстан Республикасының Елшілігі тарапынан ұйымдастырылған бизнес-семинар өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ.

"Дөңгелек үстел" форматында өткен іс-шараға Канаданың Федералды Үкіметі мен Парламенті, Квебек провинциясының іскерлік топтары, соның ішінде әлемдегі жетекші әуе және машина жасаушы "Bombardier" компаниясы, инженерлік-құрылыс "Honco", "CSBI Inc.", "Hason-Steel", инвестициялық-консалтингтік "Desjardins Securities", "Salveo" топтары және тағы да басқа компаниялардың өкілдері қатысты.

Интерактивті диалог форматында іс-шараға қатысушылар Қазақстанның құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы маңызды рөлінің өсуін атап өтіп, инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер пакетін енгізу бойынша қазақстандық тараптың бастамаларын, соның ішінде ҚР экономикасына ең ірі инвесторлар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша шешімін жоғары бағалады.

Бизнес-семинардың нәтижесінде диалогты жалғастыру және елімізге канадалық компаниялардың бірқатар іскерлік миссияларын бірлесе дайындық жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны