26.07.2016, 21:27 6089

Қазақстанда қант бағаларыныӊ алыпсатарлық өсуі орта және шағын көтерме нарық деӊгейінде байқалады - ҚР ҰЭМ

Осыған орай, монополияға қарсы орган қантты бөлшек және көтерме өткізушілердіӊ қызметінде монополияға қарсы заӊнаманы бұзушылықтардыӊ болуы тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау жүргізуде.И

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today.ИҚазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министріҚуандық Бишімбаев «Орталық Азия Қант Корпорациясы» ЖШС («ОАҚК» ЖШС) өндіруші зауытыныӊ «Беларусь аграрлық компаниясы» ЖШС («БАК» ЖШС) импорттаушысыныӊ және «Ас-Ан» компаниясыныӊ (ірі көтерме саудада өткізушісі) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі.
Ведомствоныӊ мәлімдегеніндей,Икездесудіӊ мақсатыИқант нарығындағыИжағдайды зерделеу болды. Республика өӊірлерінде орта есеппен алғандағы қанттыӊ бөлшек сауда бағасыИ2015 жылғыИжелтоқсанға қарағанда 2016 жылғы 25 шілдедеИ25,5%-ға Иартты.
«ОАҚК» ЖШС деректері бойынша бағаныӊ өсуі бірқатар обьективті себептергеИбайланысты, олардыӊ ішінде шикізаттыӊ қымбаттауы, коммуналдық қызметтер мен жүктерді тасымалдау бойыншаИтарифтерИқұныныӊ өсуі. КомпанияИқант бағасыныӊ көтерілуіИхалықтыӊ сұранысы артатын жазғы маусымда жыл сайын көтерілетіндігіне ерекше назар аударды.
Өндіруші мен көтерме саудада өткізушіИҚазақстанда үстіміздегі жылыИқантқа деген қажеттіліктіӊ артқандығынИхабарлады. Қажеттіліктіӊ арту себептерініӊИ бірі «БАК» ЖШСИ тарапынанИ импорттыӊ жоқтығы болып табылуы мүмкін.И«ОАҚК» ЖШС, өз кезегінде 2016 жылы қант өндірісін екі есеге дейін ұлғайтты, республикада Ибұл өнімніӊ тапшылығыИ байқалмайды.
«ОАҚК» ЖШС-ныӊИелдіӊ ішкі нарығын қамтамасыз етуге қантты қажетті мөлшердеИөндіру үшін қуаты мен мүмкіндігі бар.ИНегізіненИқуаттарды жүктеуИотандық шикізат - қант қызылшасыныӊ жеткіліксіздігіне қарайИимпорт шикізаты есебінен болады.ИҚант қызылшасын егуді ұлғайтуға байланысты 2016 жылы «ОАҚК» ЖШСИқант қызылшасынан өндіретін қантИүлесін 15 %-ға дейінИарттыру болжануда. И
МатериалдардыИзерделеу өндіруші зауыт пен импорттаушылар деӊгейінде бәсекелестік саласындағы заӊнаманы бұзушылықтар байқалмайтынын көрсетеді.ИИ
Монополияға қарсы органныӊ алдын ала деректері бойынша,Ибүгінгі күніИқант нарығында қантты негізсіз шектеу және орта және шағын көтерме нарық деӊгейінде өӊірлерде қант бағасыныӊ алыпсатарлық өсуі байқалады.
Осыған орай, монополияға қарсы орган қантты бөлшек және көтерме өткізушілердіӊ қызметінде монополияға қарсы заӊнаманы бұзушылықтардыӊ болуы тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау жүргізуде.ИҚантты көтерме саудада өткізу нарығында бірінші тергеп-тексерудіИТабиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ Қарағанды облысы бойынша департаменті бастады.ИБұл ретте жосықсыз жеткізушілерге қатысты ұқсас тергеп-тексерулерді еліміздіӊ басқа да өӊірлерінде жүргізу жоспарлануда.
Монополияға қарсы органныӊ аймақтық департаменттері үстем жағдайды теріс пайдалануға, бәсекелестікке қарсы әрекеттерге және басқаларға жол бермеу бөлігінде бәсекелестік саласындағы қолданыстағы заӊнаманыӊ талаптарынИсақтауИжөнінде қантты өткізу нарығына қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұлттық экономика министрлігі қантты өндірушілер үшін импортталатын шикізатқа жыл сайынғы квотаны және лицензияныИ беру бойынша рәсімдерді жеделдету туралы мәселені қарауды да Ижоспарлауда.
Бұдан басқа, Кеден одағы комиссиясыныӊ шешімімен, Қазақстан өнеркәсіптік қайта өӊдеу үшін енгізілетін шикі қант, сондай-ақ шикі қанттан өндірілген ақ қант Ресей және Беларусь аумағына қайта жөнелтілмейтініне кепілдік береді деп белгіленген. Аталған шешімніӊ қолданылу кезеӊінде (2010-2019 жылдар), Кеден одағы елдеріне экспортталмайды.И

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны