14.11.2012, 14:33 2633

Қазақстанда қаңтар-қазан айларында 58,7 млн. тонна мұнай өндірілді

"Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы" АҚ-ның мәліметі бойынша елімізде 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мұнай өндіру көлемі 58,7 млн.тоннаны құрады.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар-қазан айларында 58,7 млн. тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы" АҚ-ның мәліметі бойынша елімізде 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мұнай өндіру көлемі 58,7 млн.тоннаны құрады.

Ақпараттық талдау орталығының хабарлауынша, мұнай өндірудің негізгі өсімін "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.", "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ, "Қазгермұнай" БК ЖШС, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Қаражанбасмұнай" АҚ, "Қазақойл Ақтөбе" компаниялары қамтамасыз еткен. Бұдан бөлек, 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша мұнай және газ конденсаты экспортының көлемі 51 млн. тоннаны құрады. Оның ішінде Атырау-Самара бағыты - 11 527 мың тонна (99,8 пайыз), Орынбор ГӨЗ-і (конденсат) - 632 мың тонна (64 пайыз), КҚК - 20 710 мың тонна (97,8 пайыз), Атасу-Алашаңқай - 7461 мың тонна (86,1 пайыз), Ақтау теңіз порты арқылы - 5323 мың тонна (87 пайыз) және темір жол арқылы - 4958 мың тонна (93,2 пайыз) жүзеге асқан.

Сонымен қатар, 2012 жылдың тоғыз айы бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10 млн. 679 мың тонна мұнай өңделді. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында өңделген мұнайдан - 2122 мың тонна бензин (106,5 пайыз), 3136 мың тонна дизель отыны (102,4 пайыз), 2633 мың тонна мазут (96,1 пайыз), 310 мың тонна авиакеросин (105,2 пайыз) өндірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны