11.11.2011, 17:16 3998

Қазақстанда қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда көлемі 12,7 пайызға өскен

2011 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,7%-ға өсіп, 2 881,9 млрд.теңгені құраған.

Астана. 11-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда көлемі 12,7 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасай отырып.

2011 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,7%-ға өсіп, 2 881,9 млрд.теңгені құраған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, үстіміздегі жылғы қазанда 2010 жылғы қазан айымен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 12,7 пайызға өскен.

2011 жылғы қаңтар-қазанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2010 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1 477,6 млрд.теңгені құрады немесе 6,3%-ға артық.

Базарлар мен жеке кәсіпкерлердің жүзеге асырған сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 48,7%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,7%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға, азық-түлік тауарлар - 15,7%-ға ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны