14.11.2011, 14:57 3811

Қазақстанда қаңтар-қазанда негізгі капиталға инвестициялар 0,8 пайызға өсті

Қазақстанда қаңтар-қазанда негізгі капиталға инвестициялар 3,711 трлн теңгені құрады,бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,8%-ға көп.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар-қазанда негізгі капиталға инвестициялар 0,8 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда қаңтар-қазанда негізгі капиталға инвестициялар 3,711 трлн теңгені құрады,бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,8%-ға көп. Бұл туралы ҚР статистика агенттігінің ай сайынғы есебінде атап көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, 2011 жылдың қаңтар-қазанында инвестициялардың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке қаржысы болған, 2010 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда (салыстырылатын бағаларда) заем қаржы есебінен инвестициялар 26,1%-ға артқан.

2011 жылдың қаңтар-қазанында 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ғимараттардың құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына инвестициялық салымдардың 2%-ға артқаны байқалды.

2011 жылдың қаңтар-қазанында негізгі капиталға инвестициялар тау-кен өндіру және карьерларды игеру саласына (34%), көлік және қоймалау (17,5%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (10,4%) келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны