15.10.2012, 14:27 3122

Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 8,4 пайызға төмендеген

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік -экономикалық дамуының қорындылары шығарылған баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлімдеді.

Астана. 15-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 8,4 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік -экономикалық дамуының қорындылары шығарылған баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлімдеді.

"2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1328,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4 %-ға кем", - деген Илихан Смайылов экономиканың өзге салаларында өсім байқалатынын алға тартты.

"2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі 12086,1 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 % артық. Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейінде қалды. Өңдеу өнеркәсібінде - 0,6%, электр және газбен жабдықтауда - 4,4%-ға артты", - дейді И.Смайылов.

Биыл сыртқы сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 13,5 %-ға өскен. Оның ішінде экспорт - 62093,2 млн, импорт - 27891,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны