09.10.2012, 11:54 3593

Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс бағасы 4,3 пайызға өсті

2012 жылғы қыркүйекте өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағалар құрылыс-монтаж жұмыстарына 4,8%, өзге де жұмыстар мен шығындарға - 4,1%, машиналар мен жабдықтарға - 2,3%-ға өсті.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс бағасы 4,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы қыркүйекте өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағалар құрылыс-монтаж жұмыстарына 4,8%, өзге де жұмыстар мен шығындарға - 4,1%, машиналар мен жабдықтарға - 2,3%-ға өсті.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағалары 0,1%-ға өсті. Ғаныш 2,9%, бояулар мен эмальдар - 2,8%, құм - 2,4%, тауарлы бетон - на 2,3%, шыбықтар - 1,3%, линолеум - 0,4%, битум - 0,3%-ға қымбаттады.

Санитарлық-техникалық бұйымдар бағасы 1,9%, қаптама қыш кірпіштер - 1,7%, негізгі қара металдар - 1,1%, кескінделген сүрек - 0,9%, сүректен жасалған ағаш-жоңқалы тақталар - 0,2%-ға төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны