15.10.2012, 16:41 2957

Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында шикі мұнай өндіру 2,4 пайызға төмендеді

Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында мұнай және газ конденсатын өндіру көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7% азайып, 58,684 млн тоннаны құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігі баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 15-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында шикі мұнай өндіру 2,4 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында мұнай және газ конденсатын өндіру көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7% азайып, 58,684 млн тоннаны құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігі баспасөз қызметі хабарлады.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, көрсетклген мерзім ішінде Қазақстанда 49,155 млн тонна шикі мұнай және 9,529 млн тонна конденсат өндірілген.

Хабарламада Қазақстанда қаңтар-қыркүйек айларында табиғи газ өндіру көрсеткіші 30,061 млрд текше метрді құрағаны, ал көмір өндірісі - 85,669 млн тоннаға артқаны айтылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны