11.09.2012, 12:00 3022

Қазақстанда қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 0,7 пайызға өскен

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,7 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 0,7 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,7 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, 2012 жылғы қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмір, табиғи газ және түсті металдарды өндіру арта түскен.

"Тамақ өнімдерінің және сусындардың, химия және жеңіл өнеркәсіптің, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарда және Астана қаласында тіркелді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар агенттік ақпаратына қарағанда, осы жылдың 8 айында 52,4 млн. тонна мұнай және газ конденсаты, 27 млрд. текше метр табиғи газ, 2,7 млн. тонна ұн, 1,7 млн. тонна бензин, 5,9 млн. тонна цемент, 1,1 млн. тонна ферроқорытпалар, 235,2 млн. тонна тазартылған мыс, 58,3 млрд. кВт/сағат электр энергиясы өндірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны