07.10.2010, 15:29 4174

Қазақстанда қарақұмық пен өсімдік майларын экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салынды

ҚР премьер-министрі үстіміздегі жылдың 5-қазанында қарақұмық пен өсімдік майларын экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салу туралы үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7 - қазан. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі үстіміздегі жылдың 5-қазанында қарақұмық пен өсімдік майларын экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салу туралы үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Таратылған хабарламада, қаулы ішкі нарықтағы өсімдік майлары мен қарақұмық бағасының өсуі мен олардың тапшылығына жол бермеу мақсатында қабылданғандығы атап көрсетілген.

"Аталмыш тыйым үстіміздегі жылы әлемдегі ауа райының қолайсыздығынан көптеген елдерде май шығаратын дақылдар мен жарма дақылдары (соның ішінде қарақұмықтың) шығымының нашарлығы, оның өз кезегінде оны өңдеу көлемінің төмендейтіндігіне әкеп соқтыратындығына негізделіп отыр",- деп нақтылап өтті баспасөз қызметінен.

"Қаулы мәтіннің ресми жария етілген бірінші күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне еніп, 6 ай бойы жарамды болады",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны