04.12.2012, 15:38 2740

Қазақстанда қараша айында азық-түлік тауарларының бағасы 4,8 пайызға өсті

2012 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2011 жылғы қарашамен салыстырғанда 4,8 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Астана. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қараша айында азық-түлік тауарларының бағасы 4,8 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2011 жылғы қарашамен салыстырғанда 4,8 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"2012 жылғы қарашада 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға балық және теңіз өнімдеріне 6%, макарон өнімдеріне - 5,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 5,8%, кофе, шай және какаоға - 5,3%-ға, кондитерлік өнімдерге, алкогольді ішімдіктерге - 4,8%-дан, ұнға - 4,4%, сүт өнімдеріне - 3,6%, жемістер мен көкөністерге - 3%, нанға - 2,3%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 29,1%, қантқа - 6,6%, май және тоң май - 2%-ға байқалды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 9,9% құрады. Шошқа етіне баға деңгейі 13,3%, жылқы етіне - 12,4%, қой етіне - 11,7%, сиыр етіне - 11,4%, шұжық өнімдеріне - 5,7%, құс етіне - 5,6%-ға жоғары болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны