02.12.2015, 17:36 4423

Қазақстанда қараша айында инфляция 3,7% құрады - ҚР ҰЭМ

Қазақстанда инфляция 2015 жылдыӊ қараша айында 3,7% құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда инфляция 2015 жылдыӊ қараша айында 3,7% құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осылайша, ведомствоныӊ мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 3,3%, азық-түлік емес тауарларына - 6,5%, ақылы қызметтерге - 1,4%-ға өсті, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Атап айтқанда, өткен айда бағаныӊ өсуі жаӊа жиналған көкөністерге 16,4%, жұмыртқаға - 9,4%, күнбағыс майына - 7,5%, қарақұмық жармасына - 6,7%, балық және теӊіз өнімдеріне - 6,3%, зәйтүн майына - 5,3%, жемістерге - 5,2%, кофеге - 5,1%, шикі сүтке - 4,7%, салқындатылған сусындарға - 4,4%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 4,3%, кондитерлік өнімдерге - 4,2%, ұнға - 3,6%, нанға - 3,5%, картопқа - 3,2%, арпа жармасына - 3%, макарон өнімдеріне - 2,9%, тауыққа - 2,8%, күрішке - 2,7%-ға, консервіленген сүтке, шайға - 2,4%-дан, шұжық, ет өнімдеріне - 2%-ға белгіленді.

Баға өсімі автомобильдерге 10,1%, киім және аяқ киімге - 9,1%, жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға - 8,1%, фармацевтикалық өнімдерге - 8%, тұрмыстық аспаптарға - 7,9%, шыны және қыш бұйымдарына, кітаптарға - 7,8%-дан, тоқыма бұйымдарына - 7,7%, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға - 7,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 5,9%-дан құрады. Мотор майы 9,2%, дизель отыны - 1,5%-ға қымбаттады.

Баға деӊгейі кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне 5,7%, жолаушылардыӊ әуе көлігімен жол жүру ақысы - 4,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 3,8%, қоғамдық тамақтандыру - 2,3%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша - 2,1%-ға өсті. Төлемдер жүргізгені үшін ақы 6,9%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 5,2%, ыстық суға - 3,5%, суық суға - 1,2%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 1%, кәрізге - 0,3%-ға жоғарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны