16.05.2012, 15:15 3457

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың өлшемдері қайта қаралатын болады

Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландырудың аясында субъектілерді кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың өлшемдері қайта қаралуда, деп хабарлады экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың өлшемдері қайта қаралатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландырудың аясында субъектілерді кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың өлшемдері қайта қаралуда, деп хабарлады экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев.

"Субъектілерді кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың жаңа өлшемдері мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мақсатында әзірленуде",- деді Б.Сағынтаев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Қазіргі таңда кәсіпкерлік субъектіге жатқызудың өлшемі ретінде субъекті жұмыскерлерінің орташа жылдық саны мен кәсіпкерлік активтерінің орташа жылдық құны қолданылады. Заң жобасы бойынша, бұдан былай әлемдік тәжірибеге сәйкес жұмыскерлердің саны бойынша өлшем қолданылмайтын болады.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты бойынша, "активтердің орташа жылдық құны" өлшемін "орташа жылдық табыс" өлшеміне алмастыру және шағын бизнес үшін 60 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі, ірі кәсіпкерлік үшін - 3 млн.астам айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекті мән белгілеу жоспарлануда. Ал шағын немесе ірі кәсіпкерлік өлшеміне сыймайтын субъектілер орта кәсіпкерлік субъектіне жатқызылатын болады.

Айта кету керек, қолданыстағы заңнама бойынша: жұмыскерлерінің саны 50-ге жететін субъектілер шағын кәсіпкерлік субъектіне жатқызылса, жұмыскерлерінің орташа саны 50 мен 250-дің аралығындағы субъектілер - орта кәсіпкерлік, ал жұмыскерлерінің саны 250-ден асатын субъектілер - ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны