14.04.2009, 18:28 2933

Қазақстанда "Қазпоштаның" 140-тан астам ақша айырбастау бөлімшелері ашылады - Ұлттық банк басшысы

Қазақстанда "Қазпоштаның" 140-тан астам ақша айырбастау бөлімшелері ашылады - Ұлттық банк басшысы

Алматы. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда "Қазпоштаның" 140-тан астам ақша айырбастау бөлімшелері ашылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы қаласында "Қазпоштаның" 56 ақша айырбастау бөлімшесі болған, қазір - 1 ғана", - деді Г. Марченко.

"Біз "Самұрық-Қазынамен", "Қазпоштамен" сөйлестік, олар еліміз бойынша 140-тан астам ақша айырбастау бөлімшелерін ашады. Бұл бәсекелестіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны