21.12.2009, 15:29 3017

Қазақстанда Кедендік одаққа өткеннен кейін ескірген автокөліктердің бағасы көтеріледі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

Қазақстанда Кедендік одаққа өткеннен кейін ескірген автокөліктердің бағасы көтеріледі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Кедендік одаққа өткеннен кейін ескірген автокөліктердің бағасы көтеріледі. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кедендік одаққа өткеннен кейінгі автокөлік нарығындағы жаңа жылдағы ахуалға байланысты сұраққа жауап берген И. Тен: "Бұл күрделі мәселе. Біз зерттеулер жүргіздік. Ресейде автокөліктердің баж салығы жоғары, бірақ, Ресейдің өз ішінде жаңа автокөліктерді сату бағасы мысалы арзан",- деді.

"7 жылдан астам уақыт пайдаланылған ескі автокөліктердің бағасы өсуі мүмкін. Ал жаңа автокөліктер туралы ештеңе айта алмаймын, мүмкін олар да өсетін шығар", - деді ол.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2009 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанға 91 217 жеңіл автокөлік импортталды, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 27,4%-ға аз.

Ал жүк көліктерінің импортының көлемі 2009 жылдың қаңтар-қазан айларында 41,7%-ға, 6726 данаға дейін төмендеді.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 2009 жылдың қаңтар-қазан айларында 596 жеңіл, 340 жүк көлігі өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны