13.12.2013, 21:34 5056

Қазақстанда кешенді дозиметр орталығы ашылады

"Ұлттық ядролық орталығының базасында Республикалық кешенді дозиметр орталығын құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Ол өз кезегінде доза есебі мен бақылауы мемлекеттік жүйесінің ғылыми-техникалық базасы болып табылады. База құрылғаннан кейін сәулелеу мөлшерін азайту мен жылына 600 млн теңгеге дейін үнемдеуге жол ашпақ", - делінген хабарламада.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР-да Ұлттық ядролық орталығы базасында республикалық кешенді дозиметр орталығы ашылады. Оның жұмысы сәулелеу мөлшерін азайту мен жылына 600 млн теңгеге дейін үнемдеуге жол ашпақ, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ұлттық ядролық орталығының базасында Республикалық кешенді дозиметр орталығын құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Ол өз кезегінде доза есебі мен бақылауы мемлекеттік жүйесінің ғылыми-техникалық базасы болып табылады. База құрылғаннан кейін сәулелеу мөлшерін азайту мен жылына 600 млн теңгеге дейін үнемдеуге жол ашпақ", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республикалық орталықта жыл сайын 10 мың кешенді ішкі сәулелендіру операциясы жүргізілмек.

Сонымен қатар, 3000 ретроспективті бағалау мен 1000 доза анықтау шаралары өткізілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны