15.05.2013, 15:43 8836

Қазақстанда KIA Cadenza көлігінің жаңа нұсқасы шығарылады

"Азия авто" зауыты KIA Cadenza автокөлігінің жаңа нұсқасын құрастыруға кірісті.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда KIA Cadenza көлігінің жаңа нұсқасы шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Азия авто" зауыты KIA Cadenza автокөлігінің жаңа нұсқасын құрастыруға кірісті.

"2014 жылғы үлгідегі, алдыңғы дөңгелектері айналатын KIA Cadenza көлігі мамыр айының жаңалығына айналды", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Көлік интерьері жұмсақ былғары, ағаш пен хром негізінде жасалмақ.

Биылғы жылдың алғашқы төрт айында зауыт 9207 көлік құрастырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны