01.10.2012, 14:28 3103

Қазақстанда қыркүйек айында азық-түлік бағасы 4,4 пайызға өсті

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, жармалар 33,8%, қант - 16,4%, май және тоң май - 3,8%, жемістер мен көкөністер - 2%, ұн - 1,9%-ға арзандады, ал 2011 жылғы қыркүйекте оларға бағаның маңызды өсуі белгіленген болатын.

Алматы. 1-қазан. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қыркүйекте 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, жармалар 33,8%, қант - 16,4%, май және тоң май - 3,8%, жемістер мен көкөністер - 2%, ұн - 1,9%-ға арзандады, ал 2011 жылғы қыркүйекте оларға бағаның маңызды өсуі белгіленген болатын.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте бағаның өсімі 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда нанға 2%, алкогольдік ішімдектеріне - 4%, сүт өнімдеріне - 4,3%, кондитерлік өнімдеріне - 5,2%, кофе, шай және какаоға - 5,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне - 5,6%-ға құрады. Ет бағаның өсуі бірнеше жоғары қалыптасты: сиыр еті 18,5%, жылқы еті - 17%, қой еті - 16,8%, шошқа еті - 16,7%, шұжықтар, еттен жасалған өнімдері - 8,2%-ға қымбаттады.

Жалпы атап өтілген кезеңде азық-түлік тауарларына баға 4,4%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны