03.10.2011, 15:40 5081

Қазақстанда қыркүйек айында инфляция 0,3 пайызды құрады

Өткен айда азық-түлiк тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеп, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4%-ға, ақылы қызметтер 1%-ға қымбаттаған.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қыркүйек айында инфляция 0,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлiк тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеп, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4%-ға, ақылы қызметтер 1%-ға қымбаттаған.

Ведомстваның дерегіне қарағанда, қыркүйекте көкөнiстi өнiмнің бағасы 6%-ға төмендеді: картоптың бағасы 11, 6%-ға, көкөнiстер 8%-ға, жемiстер 2, 2%-ға арзандады. Қант 5,8%-ға, қарақұмық жармасы 3, 7%-ға, күрiш 0, 5%-ға, ұн 0, 4%-ға арзандады.

Жұмыртқа бағасы 5, 4%-ға, шикі сүт 2, 7%-ға, жарма 2, 6%-ға, сиыр етi 2, 3%-ға, ашыған сүт өнiмдерi 1%-ға, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері 0, 4%-ға, нан 0, 2%-ға қымбаттады.

Сұйытылған газ бағасының өсімі 6%-ды, бензин 1, 3%-ды, қатты отын 0, 8%-ды, дизель отыны 0, 7%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны