12.10.2012, 15:58 3618

Қазақстанда қыркүйек айында жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, Республика экономикасында 2012 жылғы қыркүйекте (бағалау бойынша) 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 98,4 мың адамға немесе 1,2%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,4%) құрады.

Астана. 12-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда қыркүйек айында жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, Республика экономикасында 2012 жылғы қыркүйекте (бағалау бойынша) 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 98,4 мың адамға немесе 1,2%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,4%) құрады.

2012 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 475,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2012 жылғы қыркүйек айының соңына 54,7 мың адам ("Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ын құрады (2011ж. қыркүйекте - 0,9%).

2012 жылғы қыркүйекте бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,3%-ын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны