24.02.2015, 14:23 3890

Қазақстанда көктемгі - егіс жұмыстарын қаржыландыруға 97 млрд теӊге бағытталады

Қазақстанда көктемгі - егіс жұмыстарын қаржыландыруға 97 млрд теӊге бағытталады, деді ОКҚ брифингінде ҚР Парламентініӊ Сенаты Сергей Плотников

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда көктемгі - егіс жұмыстарын қаржыландыруға 97 млрд теӊге бағытталады, деді ОКҚ брифингінде ҚР Парламентініӊ Сенаты Сергей Плотников, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландырудыӊ жалпы сомасы 97 млрд теӊгені құрады. Ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі бағдарламасы бойынша 28,5 млрд теӊге бөлінді. 1610 бірлік жаӊа ауыл шаруашылығы техникасын әкелу жоспарланып отыр", - деді С.Плотников, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында агроөндірістік кешенді қолдауға мемлекет көп көӊіл бөлу керектігін айтқан болатын, ол салаға 20 млрд теӊге бағытталды.

Парламент Сенатыныӊ депутаты айтқандай, ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлінген қаржы кеш уақытқа шегеріледі.

"Бүгінгі таӊда Парламентте "Астық нарығын реттеу бойынша кейбір заӊнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы" заӊ жобасы қаралуда", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны