14.02.2014, 19:20 3013

Қазақстанда "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 7 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда

2014 жылы 106 нысан денсаулық сақтау саласында, 35 балабақша, 73 мектеп пен 21 әлеуметтік нысан салынбақ", - деді ҚР Премьер-Министрі.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 7 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлімдеді.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 2014 жылы 7 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның ішінде 370 мың шаршы метр жалға беру баспанасы бар. Бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін құрылыс көлемін 10 млн шаршы метрге жеткізу қарастырылған", - деді С. Ахметов.

Оның ақпараты бойынша, өткен жылы құрылысты дамыту бойынша 8 заманауи үй құрылысы комбинаты іске қосылды. Тағы 8-ін іске қосу ағымдағы жылы жоспарланған. "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткішін бағындыру жоспарланған, қалаларда - 25 пайыз, ауылдарда - 47 пайыз.

"Бірыңғай зейнетақы қоры құрылды, 2030 жылғай дейінгі зейнетақы жүйесінің бағдарламасы жаңғыртылуда. Денсаулық сақтау саласында ана өлімі 6,7 пайызға қысқартылды, сәби өлімі - 17 пайызға қысқарды. Білім беру бағытында 2010 жылдан бастап оқу орны тапшылығы 26 мыңға қысқарып, қауіпті жағдайда тұрған мектеп саны да 65 бірлікке қысқарды. 2014 жылы 106 нысан денсаулық сақтау саласында, 35 балабақша, 73 мектеп пен 21 әлеуметтік нысан салынбақ", - деді ҚР Премьер-Министрі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны