11.04.2012, 10:33 4796

Қазақстанда көмір, газ және металл өндіру ұлғайды

Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда өндірістік өнімдердің нақты көлемінің индексі 102,9%-ды құрады.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - 2012 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір, табиғи газ, және металл кенін өндіру ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы сәрсенбі күні ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда өндірістік өнімдердің нақты көлемінің индексі 102,9%-ды құрады.

"2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көмір, табиғи газ, және металл кенін өндіру ұлғайды", - делінген таратылған хабарламада.

Химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру ұлғайды. Өнімнің өсуі республиканың он бір облысында байқалады. Қарағанды облысында өнім өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейіне сәйкес келеді. Төмендеу тек Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, және Астана қалаларында тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны