09.04.2012, 15:47 3489

Қазақстанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,1 пайызға өскен

2012 жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,1%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,1 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2012 жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,1%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Жаттығу залдарын жалға беру бағасы 6,9%, көлік жуу орындарын - 6,8%, дүкендерді - 3,5%, бильярд залдарын - 3,3%, дәріханаларды - 3%-ға өсті.

Химиялых тазалау және кір жуу орындарын жалға беру 0,5%, өндірістік цехтар - 0,3%, барлар - 0,2%-ға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны