29.05.2008, 11:56 1331

Қазақстанда концессия мәселелері жөніндегі орталық құрылады-Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Қазақстанда концессия мәселелері жөніндегі орталық құрылады-Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда концессия мәселелері жөніндегі орталық құрылады. Бұл туралы мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігін дамыту мәселелері жөніндегі "дөңгелек үстелінде" ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Концессияларды мемлекеттік қолдау схемасының күрделенуі жағдайында және мемлекеттік қолдау көлемдерінің ұлғайтылуына орай мемлекеттік мүддені қорғау үшін экономикалық сараптама процедурасын институционалдық тұрғыда күшейту ұсынылып отыр", - деп атап өтті Б. Сұлтанов. Ол айтқанындай,осы мақсаттар үшін концессия мәселелері жөніндегі арнайы ұйым құру жоспарлануда .

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі атап өткеніндей, орталықтың негізгі жұмысына- концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізу және концессияға берілуі мүмкін ТЭН нысандарының экономикалық бағасын жасау міндеті жүктеледі. " Сөйтіп арнайы ұйымның құрылуы жоғары білікті мамандарды тарту есебінен жүргізілетін сараптамалардың сапасы мен жауапкершілігін күшейтеді. Сондай-ақ, бұл үкіметтің концессиялық жобалардың сараптамасын жүргізу үшін жұмсалатын шығындарын азайтады", - деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны