11.11.2016, 12:28 4373

Қазақстанда көпір салуға кететін шығындар 30%-ға азаяды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "БЖК-2020", "Нұрлы Жол" бағдарламалары мен СИИДМБ-ныӊ 2015-2019 жылдарғы екінші бесжылдығы құрамына енген әрі қала әкімдігініӊ қолдауына ие болған кәсіпорындарды аралап көрді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек "БЖК-2020", "Нұрлы Жол" бағдарламалары мен СИИДМБ-ныӊ 2015-2019 жылдарғы екінші бесжылдығы құрамына енген әрі қала әкімдігініӊ қолдауына ие болған кәсіпорындарды аралап көрді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мысалы, "АЗМК" ЖШС-ніӊ басшылығы қала әкіміне темірбетон өнімдері мен конструкцияларды жасап шығаратын жаӊа жоғарытехнологиялы қондырғыларды көрсетті. Зауыт арнайы қондырғылар арқасында көпір құрылысына қажет постылық тіреулердіӊ құнын 30 пайызға арзандатқан және өнім барынша сапалы.

"Біз сапа сертификатын алдық әрі түрлі елдіӊ 60 тәуелсіз сарапшыларын шақырып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Олар біздіӊ жасаған технологиямыздыӊ бюджетті 30 пайызға үнемдейтіні жөнінде қорытынды жасады. Егер ресейліктер НК-120 қондырығысымен жұмыс істесе, біздіӊ балкілер НК-180 арқылы орнатылады. Бұл Европалық сападан жоғары. Оныӊ үстіне тіреуіштердіӊ салмағы төмен, қуаттылығы жоғары. Бұл созылмалы болат арқандар арқылы жүзеге асады. Біз кез- келген жобаға сай болатын қажетті ұзындықтағы балкілерді жасай береміз, өнімніӊ арзан болуы да сондықтан", - деп атап өтті кәсіпорын басшысы Шухрад Шардинов.

Бұлардан өзге зауыт су арналарын бекітетін өзіндік құны жағынан төмен жоғары сапалы заттарды да шығарады. Соныӊ арқасында кәсіпорын бордюлерді арықтар мен оныӊ жағалауларын берік ететін өнім шығаратын 5 кәсіпорын арасында үздік деп саналады. Бүгінде кәсіпорындағы 5 адам арықтар үшін қажет 1000 плиталарды шығарады, өзге жерлерде 100 плита шығарумен 25 тен 50 адамға дейін айналысады.

"Сапалы әрі арзан өнімніӊ арқасында бізге өзге қалалардан тапсырыс берушілер де көп. Бізден 2600 шақырым қашықтықта жатқан Атырауға да өнім жібереміз, ал ол қалада 2 темірбетон зауыттары бар", - деді Ш.Шардинов.

"Субсидия бағдарламасына қатысты қала қажетті қолдауды көрсететін болады.Барынша сапалы әрі арзан өнімдеріӊіздіӊ арқасында сіздер ескі үйлерді сүру бағдарламасына да қатыса аласыздар. Келер жылы жағалауларды, бордюрлерді мықтылау бұйымдарын сатып алу жспарлануда. 4 жаӊа желіні сатып алу барысында өнімніӊ өзіндік құнын төмендетіп, тапсырысты көбейтіп, өнідірісті дамытып келесіздер", - деді әкім.

Қала басшысы бұдан соӊ "Ескі үй","Нұрлы жер", бағдарламаларына қолдау білдірген, 2010 жылы құрылған, құрылыс материалдарын шығаратын "Нұрсапа бетон" зауытында болды.

"Біз цемент пен бетон шығаратын зауыт салдық. Оныӊ өнімділігі сағатына 110 текше метр. Біздіӊ қондырғыларымыз түгелдеей дерлік европалық және халықаралық стандарттарға сай. Барлық сыныпты бетон шығарамыз, өте жоғары - 650, тіпті 700-750 сыныптыны да шығара аламыз. Біз тапсырыс берушініӊ барлық талаптарын қанағаттандырамыз. Түрлі құрамдағы бетонды жасаймыз", - деді "Нұрсапа бетон" ЖШС директоры Асан Шаймаханов.

Қазіргі кезде зауыт бетонныӊ 36 түрін шығарады, соныӊ ішінде үлкен сұранысқа ие әрі экологиялық жағынан таза керамзит-бетоны әрі ол 9 баллдық сілкініске де төтеп береді.

"Қазір біздіӊ жұмыспен қамтылуымыз - 30%, бұл жақсы нәтиже, қазан айында ғана ашылдық, 106 млн. теӊге болатын 8,5 мыӊ текше бетон шығардық. Ай сайын 6 мыӊ текше бетон шығаруды жоспарлаудамыз. Кеткен шығынды бір немес 1,5 жыл ішінде жабамыз, қондырғылар 15 жылға дейін үздіксіз жұмыс істейді. Біз қыс айында толық күшімізге енеміз деп жоспарлаудамыз, өйткені бізде ыстық су, бу, қажеттілердіӊ барлығы бар. Қыс кезінде көптеген шағын зауыттар тоқтап қалады, ал біз қуаттылығымызды арттырамыз", - деді А.Шаймаханов.

Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау Картасына екінші бесжылдықта жалпы құны 175,3 млрд. болатын 80 жоба енген. Бұл жобалар жүзеге асса 11 374 жаӊа жұмыс орны пайда болады. 2015 жылы құны 4,7 млрд. теӊге болатын 7 жоба жұмыс істей бастады және 269 жұмыс орны пайда болды.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында құны 32,2 млрд. теӊге болатын 21 жоба іске асып, 2262 жұмыс орны ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны