09.10.2012, 12:18 3947

Қазақстанда күн электр стансасының құрылысы басталды

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 1 қазанында Астанада жоғары сапалы күн панельдерін өндіретін BISOLGroup-тың (Словения Республикасы) 100 пайыз еншілес компаниясы болып табылатын BISOL CentralAsiaLtd (Ұлыбритания) компаниясымен жобалау, жеткізу, жобаны салу мен оны тапсыру бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу жөнінде келісімге қол қойылды. Құрылыс 4-5 айға созылады.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - "Самұрық - Энерго" АҚ "Қапшағай қаласында қуаттылығы 2 МВт-тық күн электр стансасының құрылысы" жобасын іске асыра бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 1 қазанында Астанада жоғары сапалы күн панельдерін өндіретін BISOLGroup-тың (Словения Республикасы) 100 пайыз еншілес компаниясы болып табылатын BISOL CentralAsiaLtd (Ұлыбритания) компаниясымен жобалау, жеткізу, жобаны салу мен оны тапсыру бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу жөнінде келісімге қол қойылды. Құрылыс 4-5 айға созылады.

Бүгінгі күні бұл Қазақстан Республикасында өндірістік көлемде озық технологиялар мен тиімді жабдықтар қолданылатын ең алғашқы жоба болып табылады.

Жобаның мақсаты - Алматы облысының электр қуатына деген өскелең қажеттілігін қамтамасыз етуде күн ресурстарын пайдалану, қоршаған орта жағдайын жақсарту.

Құрылыс аяқталған соң "Samruk-GreenEnergy" ЖШС ("Самұрық - Энерго" АҚ-ның 100 % еншілес компаниясы) күн электр стансасының операторы әрі иесі болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны