04.07.2018, 15:47 5235

Қазақстанда магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор айқындалды

Жаӊа ұлттық оператордыӊ негізгі міндетіне тауарлық газды ішкі және сыртқы нарықтарға магистральдық газ құбырларымен тасымалдау кезінде мемлекет пен басқа да қатысушылардыӊ мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобына кіретін "Интергаз Орталық Азия" АҚ Магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор мәртебесін алды.

Қолданыстағы "Магистральдық құбыр туралы" ҚР Заӊына сәйкес, Үкіметке магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалданатын мұнай және газ тәрізді өнім түрлері бойынша магистральдық құбырлардыӊ ұлттық операторларын айқындау құзіреті бекітілген. Мұнай тасымалдауды ұлттық оператордыӊ құқығында "ҚазТрансОйл" АҚ жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында газ тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор айқындалмаған болатын. Үкімет қаулысына сай енді бұл функцияларды "ҚазТрансГаз" АҚ еншілес компаниясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ жүзеге асыратын болады.

Жаӊа ұлттық оператордыӊ негізгі міндетіне тауарлық газды ішкі және сыртқы нарықтарға магистральдық газ құбырларымен тасымалдау кезінде мемлекет пен басқа да қатысушылардыӊ мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Одан бөлек, компания магистральдық газ құбырлары жүйелерініӊ инновациялық дамуын және оныӊ әлемдік энергетикалық жүйеге интеграциялануын қамтамасыз ете отырып, тауарлық газ ағынын әртараптандыру арқылы мемлекеттіӊ энергетикалық әлеуетін арттырады.

Ұлттық оператор экспорттық бағыттарға тауарлық газды тасымалдау және магистральдық газ құбырларына қосылған ішкі тұтынушыларға тауарлық газды тасымалдау режиміндегі сенімді теӊгерімді қамтамасыз етуін жалғастырады. Бұл әсіресе, газ тасымалы желілеріне еӊ үлкен жүктеме түсетін қысқы жылыту маусымында аса өзекті.

"ҚазТрансГаз" АҚ отандық, сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттіӊ "ҚазТрансГаз" АҚ ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ құрамына кіреді) мемлекттіӊ мүддесін отандық газ нарығында, сондай-ақ шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасыныӊ негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық тарнзитті қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны