06.06.2014, 23:11 3669

Қазақстанда мал басы жыл сайын артып келеді - АШМ

"Жалпы, 2010 жылы шаруақожалықтарды мал басының өсу динимикасы байқалып, өсіп 18% құрады. Ал, 2011 жылы - 24%, 2012 жылы - 28%, 2013 жылы - 31% көрсетті. Бүгінде малдың жартысы ауыл кәсіпорындарына жөнелтілген", - деді жауапты хатшы.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда мал басы жыл сайын артып келеді. Бұл туралы "Жас маманға - ақ жол!" акциясы шеңберінде өткен бейнеконференцияда ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев мәлім етті.

"Жалпы, 2010 жылы шаруақожалықтарды мал басының өсу динимикасы байқалып, өсіп 18% құрады. Ал, 2011 жылы - 24%, 2012 жылы - 28%, 2013 жылы - 31% көрсетті. Бүгінде малдың жартысы ауыл кәсіпорындарына жөнелтілген", - деді жауапты хатшы.

Сонымен қатар ол, майда малдың өсімін тілге тиек етті.

"Бүгінде майда мал басының өсімі көзге ұрып-ақ тұр. Атап айтатын болсақ, шаруашылықтың барлық деңгейінде қой - 10%-ға, жылқы 1% салыстырғанда 11,5 %-ға, шошқа 10% салыстырғанда - 15,5%-ға, құс 2,8 % салыстырғанда 5%-ға артты", - деп А. Евниев толықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін акцияға елімізді аграрлық салада мамандарды дайындайтын 7 жоғарғы оқу орындарының түлектеріне оларды одан ары жұмысқа орналастыру мақсатында бейне конференция өткізілді. Ал, үздік 462 түлекке ведомсвто бойынша шағын экскурсия өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны