01.07.2011, 18:20 3193

Қазақстанда маусым айындағы инфляция 0,3 пайызды, жыл басынан бері 5,1 пайызды құрады

Баға киім және аяқ киімге 0,2, тұрмыстық тоқыма өнімдеріне - 0,3, ыдысқа - 0,5, құрылыс материалдарына - 0,7, сұйытылған газға 1,1 пайызға жоғарылады. Бензин 5,7, дизель отыны 7,1 пайызға қымбаттады.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда маусым айындағы инфляция 0,3 пайызды, жыл басынан бері 5,1 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, баға азық-түлік тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге өткен айда 0,2, азық-түлік емес тауарларға 0,7 пайызға өсті. Өткен айда бағаның өсуі нан және жарма өнімдеріне 0,7, ал сөкке - 6,2, қарақұмық жармасына - 5,3, арпаға - 1,8, ұнға - 1, макарон өнімдеріне - 0,6, нанға 0,2 пайызға белгіленді. Баға өсімі картопқа 3,9, ет және құс етіне - 1,1, кофе, шай және какаоға - 0,6, жемістерге - 0,5, май және тоң майға 0,3 пайызды құрады. Баға деңгейі жұмыртқаға 9,6, жаңа жиналған көкөністерге - 5,5, жаңа сауылған сүтке 1,9 пайызға төмендеді.

Баға киім және аяқ киімге 0,2, тұрмыстық тоқыма өнімдеріне - 0,3, ыдысқа - 0,5, құрылыс материалдарына - 0,7, сұйытылған газға 1,1 пайызға жоғарылады. Бензин 5,7, дизель отыны 7,1 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі мәдениет қызметтеріне 0,2, мейрамханалар мен қонақ үйлердге - 0,3, шаштараздарға - 0,4%, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі білім беруде - 0,5, жолаушылардың көлігіне 1,4 пайызға өсті.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер орталықтан жылыту мен тұрғын үйді ұстауға 0,1, кәрізге - 1,2, суық суға - 1,4, қоқыс жинауға 2,7 пайызға қымбаттады, ал ыстық суға 1,6 пайызға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны