16.07.2014, 22:23 3720

Қазақстанда мүлікті заңдастыру 1 қыркүйекте басталады

Қазақстанда мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады, - деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Қазақстанда мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады, - деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

Заңдастыру үшін мүлікті (қаражаттан басқа) көрсетуге құжат тапсыру мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады.

Айта кету керек, мүлікті заңдастыруда Қазақстан Республикасының заңнамасына сай толтырылмаған немесе бөтен біреудің атына толтырылған және (немесе) табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан алынған мүлікке мемлекетітк құқықты мойындау процедурасы көтеріледі. Осылайша басты мақсат заңдастырылған капитал түріндегі экономикаға қосымша құралды енгізу болып табылады. Акция азаматтарға осыны орындауға және мүлікті заңды айналымға шығаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының кез келген ел ішінде мүлкі болған азаматы заңдастыруға қатыса алады. Олар заңмен бекітілген тәртіппен мүліктерін заңдастырады.

Заңдастыру туралы заң арқылы заңдастыруға жататын және оған қарсы мүліктің ара-жігін ажырататын ұғымдар бекітілген. Атап айтар болсақ аталмыш заңдастыру науқаны ел сыртындағы мүлікті де заңдастыруға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны