22.05.2013, 16:51 3917

Қазақстанда мұнай өңдеу саласына инновациялар енгізу қажет

Қазақстан көмірсутектерді өңдеу саласындағы инновациялық жобаларға инвестициялар тарту үшін айтарлықтай әлеуетке ие, деп хабарлады Азия даму банкінің вице-президенті Лакшми Венкачаталам ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысында.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда мұнай өңдеу саласына инновациялар енгізу қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан көмірсутектерді өңдеу саласындағы инновациялық жобаларға инвестициялар тарту үшін айтарлықтай әлеуетке ие, деп хабарлады Азия даму банкінің вице-президенті Лакшми Венкачаталам ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысында.

"Инновациялар мәселесі бойынша, технологиялар трансферті арқылы - жоғары қосымша құнмен көмірсутектерді мұнай өнімдеріне қайта өңдеу Қазақстан үшін табиғи ресурстарға бай екенімен және әлемдік деңгейдегі инвесторларды тартумен байланысты артықшылығын пайдаланудың ең тиімді әдістерінің бірі болуы мүмкін. Қазақстанда мұндай жобалар үшін ауқымды инвестициялық әлеует бар", - деді Л.Венкачаталам.

АДБ вице-президентінің айтуынша, мұндай жобалар техникалық "ноу-хау" құрып, Қазақстанды заманау өнеркәсіптік өндіріс және инновациялардың өңірлік көзі бойынша хабқа айналдырады.

Шетел инвесторларының кеңесі (ШИК) Қазақстан Республикасының төрағалығындағы сабағаттық-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес 1998 жылы елдегі инвестициялық қызметпен және Республикадағы инвестициялық ахуалды жақсартумен байланысты мәселелерді тиімді шешуге арналған ҚР Үкімет імен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Кеңестің басты мақсаты еліміздің инвестициялық саясатының басты аспектілері мен экономикалық дамуы боыйнша Қазақстан Президенті мен Үкіметіне қарауға берілетін ұсыныстарды жасау болып табылады.

Кеңес құрамына қазіргі уақытта 35 шетел компаниясының және халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны