07.08.2012, 17:45 11367

Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттары жаңартылуда

"Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырылып отырған бұл жобалар басымдыққа ие. Зауыттарды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңмен 2015 жылдың аяғына дейін жүргізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 7-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттары жаңартылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау және жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz.

"Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырылып отырған бұл жобалар басымдыққа ие. Зауыттарды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңмен 2015 жылдың аяғына дейін жүргізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кету керек, мұнай өңдеу зауыттарында өндіріліп жатқан өнімдер ЕУРО-2 стандарттарына сай келеді.

Министрліктің ақпараты бойынша, зауыттарды қайта құрылымдау және жаңарту жұмыстары олардағы әбден тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыруға, ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.

Ал бұл өз кезегінде, ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ жоғары октанды бензин өнімдерінің импортына деген тәуелділіктен құтылуға жағдай жасайды. Жаңарту жұмыстары оған қоса, өнімді тереңірек өңдеуге және бензин мен дизельдік отынның сапасын жақсартуға, қоршаған ортаға келетін зиянды әсерлерді азайтуға, сондай-ақ мұнай өнімдерінің сапасын Еуро-5 стандарттарына жеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде еліміздің мұнай өңдеу саласында үш зауыт бар, олар: 1945 жылы іске қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, 1978 жылы жұмыс істей бастаған Павлодар мұнай-химия зауыты, 1985 жылы ашылған "Шымкент мұнай өңдеу зауыты.

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, мұнай өңдеуші отандық зауыттарда 7 186 мың тоннаның мұнайы өңделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10,9 пайызға көп. Атап айтқанда, 1484 мың тонна бензин, 2095 мың тонна дизель отыны, 1773 мың тонна мазут, 195 мың тонна авиакеросин өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны