12.04.2013, 11:38 3179

Қазақстанда наурыз айында жұмыссыздық 5,3%-ға дейін төмендеді

2013 жылғы наурыздың соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекпен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 56,1 мың адам ресми тіркелген.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы ақпан айындағы 5,5% деңгейге шаққанда, наурыз айында 5,3%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Статистикалық мәліметке сәйкес, наурыз айында жұмыссыздық саны 474,3 мың адамды құрады.

2013 жылғы наурыздың соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекпен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 56,1 мың адам ресми тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны