27.06.2013, 15:29 2938

Қазақстанда неміс бизнесімен бірге 1,7 млрд долларға 15 бірлескен кәсіпорын іске асырылуда

"Бүгін бізде тізімде 4 млрд еуродан астам сомаға шамамен 80 жоба бар. Шамамен 12-сі 700 млн доллар сомаға жүзеге асырылған, 1,7 млрд доллар болатын 15 жоба белсенді жүзеге асырылуда, қалғандары дайындық кезеңінде", - деді А. Рау.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Германияның 80-ге жуық ортақ жобасы бар, олардың 12-сі іске асырылған, ал 15-і іске асыру кезеңінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін индустрия және жаңа технологиялар вице - министрі Альберт Рау сауда-экономикалық ынтымақстастық бойынша Қазақстан-Германия үкімет аралық жұмыс тобының отырысында мәлім етті.

"Бүгін бізде тізімде 4 млрд еуродан астам сомаға шамамен 80 жоба бар. Шамамен 12-сі 700 млн доллар сомаға жүзеге асырылған, 1,7 млрд доллар болатын 15 жоба белсенді жүзеге асырылуда, қалғандары дайындық кезеңінде", - деді А. Рау.

Сонымен қатар, ол жобаларды жүзеге асыруға Германия кәсіпкерлеріне несиелік қарызгерлер ретінде кейде қазақстандық банктер ұсынылатынын, ал неміс банктері бұл қауіпті деп санайтынын атап өтті.

Перспективалық жобаның табысты мысалы ретінде вице - министр "Funke - Kunststoffe" неміс компаниясын атады, бұл компания өндірісті Қазақстанға көшірген.

Аталған кәсіпорын Қазақстанның терезе бейініндегі сұранысты толығымен қамтуға, және де оларды Ресейге экспортқа жіберуге мүмкіндік береді.

Енді терезе бейіндері Астанада жылына 1 млн шаршы метрден астам жалпы көлеммен өндірілетін болады, ол тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған барлық тұрғын үйді қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны