22.09.2016, 11:00 4546

Қазақстанда "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберіндегі тұрғын үй құрылысына бақылау күшейтіледі

Қазіргі уақытта еліміздіӊ барлық өӊірлерінде жалпы сомасы шамамен 140 млрд. теӊгеге есептелген 874 мыӊ ш.м. немесе 13 мыӊ пәтер салу үшін шарттарға қол қойылған.

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамында "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеӊберіндегі құрылыс салушылардыӊ жиын өтті, деп хабарлады Холдингтіӊ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Холдингтіӊ еншілес компанияларыныӊ өкілдері, сондай-ақ "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын құрылыс салушы-компания өкілдері қатысты.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев Холдинг алдына қазақстандықтарды қолжетімді тұрған үймен қамтамасыз ету міндеті қойылғандығығын еске салды. Бағдарламаны іске асыру үшін алдағы 2 жыл ішінде республика бойынша барлығы 1,4 млн. ш.м. немесе 22,5 мыӊ пәтер салу жоспарлануда. Аталған шараны іске асыруға шамамен 200 млрд. теӊге бағытталуда.

Қазіргі уақытта еліміздіӊ барлық өӊірлерінде жалпы сомасы шамамен 140 млрд. теӊгеге есептелген 874 мыӊ ш.м. немесе 13 мыӊ пәтер салу үшін шарттарға қол қойылған.

Жиында сөз алған Қ.Өскенбаев Холдинг пен оныӊ еншілес құрылымдарыныӊ міндеттеріне тұрғын үй құрылысыныӊ сапасын бақылау ғана емес, процестердіӊ толық ашықтығын бақылау кіретіндігін атап айтты.

"Біздіӊ басымды міндеттеріміздіӊ бірі алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясаты жүзеге асыру, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты жүргізу болып табылады. Осыған байланысты жақында бірқатар шаралар қабылданады,- деді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар, біздіӊ еншілес ұйым қызметкерлері ретінде әлеуетті және жұмыс жасап жатқан серіктестердіӊ алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзу белгілерін анықтау үшін жауапкершілігі енгізіледі.

Жасалатын инвестициялау шарттарында тараптар өкілдерініӊ сыбайлас жемқорлық іс қимылына "мүлдем төзбекшілік" саясаты көзделетін болады.

Бұдан басқа, Холдинг "адами" факторды болдырмау және сыбайлас жемқорлық әрекеттерініӊ туындау тәуекелдерін барынша азайту үшін түйінді бизнес-процесстерді толық автоматтандыруға енгізуге ниетті.

Ол үшін ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін Холдингтіӊ және оныӊ барлық еншілес компаниялары тіркеліп және өтінім беруді жүзеге асыруға, оныӊ мәртебесін бақылауға және жүзеге асырылатын бағдарламалар бойынша ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретінпортал құрылады.

"Аталған порталдыӊ перспективасы жұмыс жасайтын барлық серіктестер сияқты әлеуетті серіктестермен де "бір терезе" қағидаты бойынша бірлесіп жұмыстар жүргізуге арналған бірыӊғай алаӊ болып табылады",- деді Қ. Өскенбаев өз сөзінде.

Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін Холдингте ағымдағы жылдыӊ 10 қазанына дейін құрылыс салушылар тарабынан шағымдар қабылдау үшін (оныӊ ішінде анонимді) "жедел желі" құрылатын болады.

Сондай-ақ Холдингтіӊ құрылыс компанияларыныӊ тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарыныӊ қазақстандық мазмұны 75%-дан кем емес деӊгейде жобаларға басымдық берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны