18.05.2015, 16:06 4315

Қазақстанда өӊдеу саласында "ұлттық чемпиондар" болуға және елдіӊ экспорттық әлеуетін арттыруға лайық деп танылған компаниялар пулы айқындалды

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Бұл туралы "Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар" орта бизнесті қолдау бағдарламасын талқылау жөніндегі басқарушы комитет отырысыныӊ барысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бағдарламаны іске асыру шеӊберінде соӊғы екі ай ішінде McKinsey&Company халықаралық консалтингтік компаниямен бірлесе отырып, осы бағдарламаға қатысуға үміткер болып табылатын отандық өндірушілер арасында іріктеу жүргізілді. Бүгінгі күні іріктеу аяқталып, сыртқы нарықтарда және импортты алмастыруда қазақстандық өнім экспортыныӊ көшбасшылары болып танылған компаниялар пулы қалыптастырылды. Келіп түскен 300-ден артық өтінім ішінен 32 компания таӊдалды, олардыӊ ішінде 20 компания - АӨК саласынан, 7-еуі - машина жасау және 5 компания - құрылыс материалдарын өндіру саласынан іріктелді (Тізім қосымшада).

Қазіргі таӊда қатысушы компанияларға диагностика жүргізілуде. Оныӊ қорытындысы бойынша әр компанияға қатысты жеке жоспар жасақталып, әрі қарайғы дамуына қатысты ұсыныстар беріледі.

Орта бизнесті қолдау бағдарламасыныӊ мақсаты өӊірлік және әлемдік деӊгейдегі компанияларды қалыптастыру арқылы Қазақстанда шикізаттық емес сектордыӊ бәсекеге қабілетті, эскпортқа бағдарланған өндірістерді құру болып табылады. Бағдарлама Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтыӊ бастамасын іске асыру барысында жүзеге асуда. Жоба қатысушылары үшін "Бәйтерек" холдингініӊ компаниялары тобыныӊ құралдарын, оныӊ ішінде банк аралық кредиттеуді (екінші деӊгейдегі банктер арқылы кредиттеу жолымен), лизингтік мәмілелерді қаржыландыруды, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды, кредиттерге кепілдік беруді, экспорттық сақтандыруды, инновацияларға гранттарды пайдалануды көздейтін қаржылық колдау қолжетімді болады.

Бұдан басқа, іріктелген компаниялар McKinsey&Company-мен бірлесіп жұмыс істеп, консалтингтік сүйемелдеуді ала алады. Қатысушылар басқару саласындағы озық тәжірибемен танысады, басқарушылық консалтинг саласында қызмет көрсететін жетекші халықаралық компаниядан нақты практикалық ұсынымдар алады.

Бағдарлама қатысушаларына қолдау көрсетудіӊ тағы бір құралы жалпы салалық әкімшілік кедергідерді жою бөлігінде мемлекеттік органдармен үйлестіру жұмыстары болады.

"Біздіӊ жаӊа бағдарламамыз шикізаттық емес секторды дамыту, өнеркәсіптік өндірістіӊ көлемдерін ұлғайту, еӊбекақысы жоғары жаӊа жұмыс орындарын құру және импортты алмастыру сияқты міндеттерді шешуге бағытталады. Орта бизнесті қолдау бағдарламасын табысты іске асыру кезінде іріктелген компаниялар еӊбек өнімділігін жылына орташа 10 %-ға және экспортқа шығарылатын өнім үлесін қазіргі деӊгейден 30 %-ға ұлғайтады деп күтілуде. Бұл ЖІӨ-ніӊ өсуін, экономиканыӊ әртараптандырылуын, қазақстандық өнім экспортыныӊ өсуін, өнімділік пен рентабельділіктіӊ өсуін, сондай-ақ жаӊа нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті кәсіпорындар болады, бүгінгі күні бұл біздіӊ еліміздегі бизнес үшін өзекті болып табылады", - деп мәлімдеді "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны