14.05.2007, 16:09 2830

Қазақстанда өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 13 млн тоннасы Қытай компанияларының үлесіне тиеді - энергетика және минералды ресурстар министрі

АСТАНА. 14-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 13 млн тоннасы Қытай компанияларының үлесіне тиеді. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта республиканың энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен Қытай компанияларының қатысуымен өндірілетін мұнай көлемі шамамен 20 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде таза Қытайдың үлесі шамамен 13 млн тоннаны құрайды",- деді Б.Ізмұхамбетов Қазақстанның мұнайгаз секторында Қытай инвесторларының көбею дерегіне алаңдаушылық білдірген депутаттардың сауалына жауап беру барысында.

Депутаттар сонымен қатар Қытайдың Қаражанбас кенішін атсалысу жағдайына қызығушылық танытты. "Қаражанбас бойынша Қытайдың СITIC компаниясы 1,955 млрд АҚШ долларына кенішті дамыту құқығына ие болды",- деді министр. "Қазақстан заңнамасына сәйкес олар рұқсат беруге өтініш жасады, келіссөздер жүргізу арқылы осы жоба бойынша 50 проценттік үлесті "ҚазМұнайГаз" ҰК сатып алатын келістік. ҚазМұнайГаз 955 млн доллардың 150 млн-ын төледі. Қалған қаржы 10 жылдан кем емес мерзімге "ҚазМұнайГаз" ҰК үшін кері талап ету құқығынсыз несие алу есебінен өтеледі",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны