14.01.2009, 18:34 3300

Қазақстанда орман аумағындағы өрттер азайды

Қазақстанда орман аумағындағы өрттер азайды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанда орман аумағындағы өрттер азайды. Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мекеменің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, еліміздегі табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. 2007 жылмен салыстырғанда өткен жылы орман аумағындағы өрттер 18 есеге, заңсыз орман ағаштарын кесу 5 есеге азайды. Бір жылда ақбөкендердің саны- 11,3% және балық аулау көлемі 26,6% өсті.

Оның айтуынша, "табиғатты пайдаланудың заңнамалық базасының аясын кеңейту үшін балық шаруашылығын дамыту, су қоймалары мен бөгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөніндегі заң жобалары жасалып парламентке енгізілді".

""Су ресурстарын интеграциялық басқару және су пайдалану тиімділігін арттырудың 2008 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасы" жасалып, мемлекет басшысының жарлығымен бекітуге берілді", - деді А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны