13.11.2012, 15:09 4372

Қазақстанда орташа жалақы 8,6 пайызға өсті

2012 жылғы қыркүйектегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 99 804 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2011 жылғы қыркүйекке 108,6%, ал нақты жалақы индексі 103,4% құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінен.

Астана. 13-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда орташа жалақы 8,6 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы қыркүйектегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 99 804 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2011 жылғы қыркүйекке 108,6%, ал нақты жалақы индексі 103,4% құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінен.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте бегіленді - 192,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 188,6 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 166,4 мың теңгеге (1,7 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау қызметкерлерінде белгіленді - 61,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 38,3%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 181,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 70,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,4%-ға төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны