29.03.2010, 17:13 8331

Қазақстанда өсімдік шаруашылығының тепе-теңдіксіз дамуы одан әрі жалғасуда, егіс айналымы ережелері өрескел бұзылуда - Күрішбаев

Қазақстанда өсімдік шаруашылығының тепе-теңдіксіз дамуы одан әрі жалғасуда, егіс айналымы ережелері өрескел бұзылуда - Күрішбаев

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда өсімдік шаруашылығының тепе-теңдіксіз дамуы одан әрі жалғасуда, егіс айналымы ережелері өрескел бұзылуда. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Егін шаруашылығы саласындағы бүгінгі күнгі шешуші проблемалардың бірі - өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мәселесіне айрықша тоқталып өткім келеді. Дәл осы проблеманың шешілмеуі салдарынан саланың тепе-теңдіксіз біржақты дамуы одан әрі жалғасуда, егіс айналымы ережелері өрескел бұзылуда ", - деді А. Күрішбаев.

Атап айтсақ, оның пікірінше, солтүстік Қазақстанда егістіктердің құрылымы тепе-тең емес. "Оның үстіне егін өндірісінде, ғылыми негізді нормативке сәйкес, егіс айналымында будың меншікті салмағы 16% - 25% деңгейінде болуға тиіс. Талдау көрсеткендей, Солтүстік Қазақстан облысында будың үлесі 10%-ға дейін, ал Ақмола облысында -12%-ға дейін азайған", - деді ол.

"Осының бәрі айналып келгенде астықтың сапасына кері әсерін тигізуде. Салыстыра айтар болсам, өткен жылы желімтік мөлшері 28%-дан жоғары астықтың үлес салмағы небәрі 7% болса, бұл көрсеткіш 90-шы жылдары 28% деңгейінде, яғни, төрт есе артық болған", - деді А. Күрішбаев.

Оның айтуынша, саланың сапалық дамуы үшін "биыл жемдік дақылдарды егетіндер 30 - 85%, ал майлы дақылдарды өсіретіндер бидай дақылдарымен салыстырғанда 9 есе артық субсидия алады". "Егіс айналымы мен егін салу мерзіміне бағына өсірілген бидайға бөлінетін субсидиялар көлемі екі есе өседі. Минералдық тыңайтқыштар құны 50%-ға арзандатылады", - деді ол.

"Бүгінгі күні келешек түсімнің көлеміне болжам айту қиын, бірақ, әлемдік астық қорының өтпелі көлемін ескере отырып, сыртқы нарықта тек протеин көлемі жоғары бидай ғана сұранысқа ие болатыны айқын, ал сапасы төмен бидайды өткізу қиынға түспек", - деді А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны