20.05.2010, 18:30 3556

Қазақстанда отандық тікұшақтың бірегей моделі жасалды - телеарна

Қазақстанда отандық тікұшақтың бірегей моделі жасалды - телеарна

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда отандық тікұшақтың бірегей моделі жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

"Оңтүстік Қазақстан облысында инновациялық тың жоба жүзеге асырылмақ. Жергілікті конструкторлар елімізде алғаш рет жеңіл тікұшақтың жобасын жасап, оны өндірістік негізде шығаруға дайындап қойған. Құрастырушылар мұндай тікұшақты халықшаруашылығының барлық саласында пайдалануға болады, дейді. Конструкторлық бюроның жасаған тікұшағы биыл жылдың соңына қарай өндірістен шығады. Алғашқы кезде біршама бөлшектері шетелде жасалып, Шымкентте құрастырылмақ. Ары қарай тапсырыс көбейсе, отандық зауыттар негізгі бөлшектерін шығара бастайды. Конструкторлардың айтуынша бізде жасалып жатқан жеңіл тікұшақтың шетелдікімен салыстырғанда артықшылығы көп. Екі айналма винті болғандықтан өте жеңіл басқарылады. Сондықтан да қауіпсіздігі жоғары. Керегіне қарай ауылшаруашылығында, ішкі істер қызметіне және төтенше жағдайлар кезінде пайдалануға ыңғайлы. Салмағы 1,5 тонна болатын тікұшақ сағатына 200 шақырым жылдамдықпен, жанармай құймастан 1000 шақырымға дейін ұша алады. Бағасы да шетелдікінен әлдеқайда арзан - 400 мың АҚШ доллары шамасында тұрады. Тағы бір артықшылығы - жанармай ретінде жергілікті бензинді пайдаланады",- делінген сюжетте.

"RuslanHelicopters" ЖШС бас директоры Ибубәкір Төлегеновтың айтуынша, "шетелдік вертолеттермен салыстырғанда, біздікі өзіміздің 91-ші бензинмен ұшатын болады. Кез келген заправкаға тоқтап, заправка жасап, ары қарай ұша беруге болады".

4 адамға лайықталған әуе көлігін "Ruslan Helicopters" ЖШС-і шетелдік авиаторлармен бірлесіп жасап шығарады.

Аталған мекеме өкілдері әзірге қажетті қондырғылардың тек 30 пайызының Қазақстанда жасалатынын айтады. Ал жабдықтардың негізгілерін АҚШ, Австрия, Швейцария және Ресейден алдыртады. Құны 400-500 мың АҚШ доллары болады, дейді мамандар. Бас құрастырушы Руслан Бутымбаевтың айтуынша, тікұшақты көкке көтеруге кәдімгі АИ-92 және АИ-93-ші маркілі бензиндері болса жеткілікті. Тағы бір ерекшелігі - аталған көліктің кез-келген жанармай бекетінен май құюға мүмкіндігі бар. Ийткенмен, оны құрастырып шығаруға қол қысқа. Сондықтан үкімет тарапынан қолдау көрсетілсе дейді құрастырушылар. Конструкторлардың айтуынша, мұндай әуе көлігін кез-келген кісі жүргізе береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны