06.12.2006, 16:12 3162

Қазақстанда өткен аптада азық-түліктік бидайдың бағасы қымбаттады, ал наубайханалардың рентабельділігі төмендей түсуде

АЛМАТЫ. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда өткен аптада азық-түліктік бидайдың бағасы қымбаттау ағымы беки түсіп, желімтік деңгейі жоғары бидайдың тапшылығы түзілді, ал наубайханалардың рентабельділігі төмендей түсуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР астық өңдеушілері мен наубайшылары одағынан хабарлады.

Кейбір өңірлерде кәсіпорандар арзандау бағаға бидай сатып алуға мүмкіндік алғанымен, жалпы алғанда бидай құны, соның ішінде 4-класты бидайдың бағасы қымбаттай түсуде. Егер бұрын оның бағасы орта есеппен 14 мың теңге болса, қазір ол 15 мың теңгеге дейін көтерілді. 3-класқа жатын желімтік қасиетке ие бидай мен 4-класқа жататын бидайдың бағалары арасындағы айырмашылық өткен аптада 8 долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны