14.01.2009, 18:25 2751

Қазақстанда өткен жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортының көлемі $2,9 млрд деңгейіне жетті - Күрішбаев

Қазақстанда өткен жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортының көлемі $2,9 млрд деңгейіне жетті - Күрішбаев

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанда өткен жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортының көлемі $2,9 млрд деңгейіне жетті. Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мекеменің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Былтыр белсенді сыртқы алыс-беріс жалғасын тапты. 11 айда ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортының көлемі мен оларды өңдеу 57% өсіп, $2,9 млрд деңгейіне жетті", - деді А. Күрішбаев.

"Сөйтіп, экономиканың ауылшаруашылығы саласы алғаш рет экспорт-импорт операцияларында оң сальдоға шықты. Астық экспорттау арналарын кеңейту жұмыстары жалғасын тапты. Сондай-ақ, Қазақстанда өндірілген етті Ресейге экспортқа шығару қолға алынды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны