22.08.2016, 10:30 3245

Қазақстанда өзен көліктерімен 600 мыӊ тоннаға жуық жүк тасымалданды

Жағалау инфрақұрылымын дамыту, Ертіс өзені бойынша толассыз кеме қатынасыныӊ ашылуы және Жайық-Каспий арнасыныӊ кеме жүрісін қайта қалпына келтіру бойынша жоспарланған шараларды ескере отырып, теӊіз көлігімен тасымалдауды 1,5 млн.тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні ішкі су жолдары бойынша кеме қатынасы дамуыныӊ оӊ динамикасы тіркелуде, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Ағымдағы жылғы 7 ай қорытындысы бойынша өзен көліктерімен 600 мыӊ тоннаға жуық жүк тасымалданды, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеӊ көрсеткіштерінен 13 % жоғары.

Негізгі жүктер айналымыныӊ көлемі Ертіс бассейніне келеді, бүгінгі күні бұл бассей, оныӊ ішінде экспорттық тасымалдау сәтті дамуда.

Бұл ретте Министрлік кеме қатынасыныӊ қауіпсіздігі бойынша қажетті шаралар қабалдап отыр.

Атап айтқанда, кеме қатынасы су жолдарында 3 мыӊнан астам навигациялық белгілер қойылды, 1 331 мыӊ м3 көлемінде түбін тереӊдету жұмыстары жүргізілді, 4 мыӊ шақырымнан астам су жолдарында арналық іздестірулер жүргізілді.

Жағалау инфрақұрылымын дамыту, Ертіс өзені бойынша толассыз кеме қатынасыныӊ ашылуы және Жайық-Каспий арнасыныӊ кеме жүрісін қайта қалпына келтіру бойынша жоспарланған шараларды ескере отырып, теӊіз көлігімен тасымалдауды 1,5 млн.тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны