08.05.2018, 20:55 4322

Қазақстанда өзін жұмыспен қамтушы шамамен 2,5 млн тұлға бар

Кәсіпкерлерді барлық жаӊалықтар туралы хабардар ету үшін Республикалық кәсіпкерлерді қолдау орталығы (РЦПП) Қазақстанныӊ 21 қаласында "Салық туралы қарапайым тілде" деп аталатын тегін конференция өткізеді. Бұл конференцияныӊ мақсаты, кәсіпкерлерге түсінікті тілде Салық заӊындағы маӊызды өзгерістер туралы жеткізу болып табылады.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгінгі күнге қарағанда Қазақстанда өзін жұмыспен қамтушы шамамен 2,5 млн тұлға бар. Оныӊ басым бөлігі- шағын бизнесін жүргізіп , жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер, демек, салық төлемейтіндер. Қалған бөлігі, ресми емес түрде жұмыс істейтіндер, яғни олар әлеуметтік тұрғыдан қорғалмағандар. Қазіргі таӊда үкімет өзін жұмыспен қамтушы тұлғаларды кәсіпкер ретінде тіркелуге ынталандыруға бағытталған бірнеше бағдарламаны әзірледі .

ЖК ретінде жұмыс істеп отырған субъектілердіӊ саны ( соӊғы деректер) 766 250 құрап отыр:

- Ақмола облысы - 32 566;

- Ақтөбе облысы - 36 723;

- Алматы облысы - 58 355;

- Атырау облысы - 35 101;

- Батыс Қазақстан облысы - 26 565;

- Жамбыл облысы - 38 059;

- Қарағанды- 57 064;

- Қостанай - 37 825

- Қызылорда - 27 656;

- Маӊғыстау - 37 543;

- Оӊтүстік Қазақстан - 91 584;

- Павлодар - 29 974;

- Солтүстік Қазақстан - 20 341;

- Шығыс Қазақстан - 58 811;

- Астана қаласы - 63 590;

- Алматы қаласы - 114 493.

Кәсіпкерлерді барлық жаӊалықтар туралы хабардар ету үшін Республикалық кәсіпкерлерді қолдау орталығы (РЦПП) Қазақстанныӊ 21 қаласында "Салық туралы қарапайым тілде" деп аталатын тегін конференция өткізеді. Бұл конференцияныӊ мақсаты, кәсіпкерлерге түсінікті тілде Салық заӊындағы маӊызды өзгерістер туралы жеткізу болып табылады.

Жеке кәсіпкер- штатында бухгалтер жоқ бизнес санатына жатады, оларға Салық кодексін меӊгеру қиынға соғады, өйткені ол күрделі бухгалтерлік тілмен жазылған. Дегенмен де, заӊды білмеушілік жауапкершіліктен босатпайды.

Сонымен қатар, жуық арада "Қазақстанныӊ әр кәсіпкеріне арналған абоненттік төлемсіз- тегін POS терминал" жобасы қолға алынуда.

Республикалық кәсіпкерлерді қолдау орталығыныӊ (РЦПП) директоры Дмитрий Казанцев:

"Жеке кәсіпкерлердіӊ ақыны картамен төлегісі келетіндердіӊ картасын алмай қоюға құқылары жоқ, ондай болған күнде оларға айыппұлдық санкциялар көзделген. Статистика бойынша жеке кәсіпкерлердіӊ 80% POS-терминалдар жоқ. Олардыӊ "Қазақстанныӊ әр кәсіпкеріне арналған абоненттік төлемсіз- тегін POS терминал" жобасына қатысулары Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесін жылдамдатып, Қазақстанды цифрлендіруге ықпал ететін болады".

2018 жылы Қазақстан Республикасыныӊ саны жағынан алғанда үшінші Салық кодексі жарыққа шықты.Баптар саны елеулі көбейген (773 бап, 2017 жылғысында 687 бап болатын).Өзгерістердіӊ біраз бөлігі күшіне енді, қалғаны 2019 және 2020 жылдары күшіне енбек.

Жаӊа Салық кодексінде салық бойынша біраз өзгерістер бар:

- оӊтайландырылған декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын салық төлеушілер үшін максималды айналым мөлшері арттырылған. Бұрын ол жеке кәсіпкерлер үшін 1400 минималды жалақыны, заӊды тұлғалар үшін 2800 минималды жалақыны құрап келсе, осы жылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен заӊды тұлғалар үшін 2044 минималды жалақыны құрап отыр;

- арнайы салық режимін пайдаланатын кәсіпкерлер енді өздерініӊ қызметкерлері үшін салықты ай сайын төлейтін болады. Бұрындары оӊтайландырылған режимді пайдаланушы кәсіпкерлер салықты жарты жылда бір рет төлейтін;

- патент негізіндегі арнайы салық режимі де өзгертілді. Патенттен әлеуметтік салық деген алынып тасталды. Салық мөлшерлемесі 1% дейін төмендетілді, бірақ бұл өзгерістіӊ сауда қызметіне қатысы жоқ. Саудада қолма-қол ақша арқылы есеп айырысуға 2% салық белгіленеді, қолма-қол ақшасыз сауда үшін - 1%. Патентпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер кіріс бойынша салық регистрін енгізуге міндетті, онда бүкіл кірістері қамтылмақ, есеп айырысудыӊ қолма-қол ақша арқылы, не қолма-қол ақшасыз жүргізілгендігі көрсетіледі. 2020 жылға дейін патент бойынша кассалық аппаратты қолданбастан жұмыс істеуге болады, сосын кассалық аппаратты орнату қажет;

- "тиянақталған шегеріс" жаӊа салық режимі пайда болды. Салық салынатын бұл режимде кәсіпкер растаушы құжаттарсыз кірістен 30% дейін шегерімге ала алады, сондай-ақ тауар алуға, іс-сапарға, жалақыға жұмсалатын шығындарды шегере алады. Шегерімніӊ жиынтықты сомасы жалпы кірістіӊ 70% аспауы шарт.Салық ЖК үшін - 10% құрайды, ЖШС үшін - 20%;

- кассалық аппаратқа келер болсақ: 2018 жылдан бастап кәсіпкерлер салық комитетіне мәліметтерді беру функциясы ғана бар кассалық аппаратты есепке қоя алады. Бұл жаӊадан ашылған фирмаларға және қызмет көрсету орнын ауыстыратындарға қатысты.2015 жылдан бастап қызметтердіӊ белгілі бір түрлерініӊ тізімдерін жариялау арқылы мәліметтерді онлайн бере алатын кассалық аппараттарға сатылай көшу басталған.Сондай-ақ жыл сайын қызмет түрлері қосылып отырады (ОКЭДЫ), яғни қарапайым кассалық аппаратты мәліметтерді беру функциялары бар кассалық аппаратқа ауыстыруға тиістілер көрсетіледі; 2020 жылдан бастап талап қою мерзімі 5 жылдыӊ орнына 3 жылға дейін төмендетіледі;

- 2020 жылға дейін жеке кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өзі үшін жарна төлеуден босатылады, ал өзініӊ қызметкерлері үшін міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруға жалақыныӊ 1,5% мөлшерінде ақша аударады;

- әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі 5%- дан 3,5%-ға дейін азайтылған;

- жалпыға белгіленген режимде жұмыс істейтін заӊды тұлғалар үшін әлеуметтік салық 9,5% дейін төмендетілген;

Тауарды интернет арқылы сататын, яғни электронды сауда жүргізетін салық төлеушілер үшін Салық кодексінде келесідей салықтық жеӊілдіктер қарастырылған . Астында көзделген шарттар сақталған жағдайда корпоративтік кіріс салығы мен жеке кіріс салығын төлеуден босату, оныӊ ішінде:

- тауарларды сату жөніндегі мәмілелер электронды түрде жүргізілген жағдайда;

- тауарлар үшін ақы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқан жағдайда;

- сатып алушыға (алушыға) тауар жеткізу қызметі болған жағдайда немесе жүк тасымалдау ,курьер почта қызметін көрсетуші тұлғалармен келісімшарттар болған жағдайда ;

Сондай-ақ тауарларды электронды түрде сатудан түскен табыс жиынтықты жылдық табыстыӊ кем дегенде 90% құрауға тиіс. Бұл шарттар сақталмаған жағдайда салық төлеушініӊ салықтық жеӊілдіктерді пайдалануға құқы жоқ.

Басқа да өзгерістер бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны