12.06.2009, 14:52 2700

Қазақстанда парник газдарын тастауға берілетін квотаны саудалау тетіктерін дәйектеу қажет - Назарбаев

Қазақстанда парник газдарын тастауға берілетін квотаны саудалау тетіктерін дәйектеу қажет - Назарбаев

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда парник газдарын тастауға берілетін квотаны саудалау тетіктерін дәйектеу қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бүгінгі күні әлемде қаржыландырудың балама көздері пайда бола түсуде. Қор жасаудың осындай бір көзі Киото хаттамасының аясында парник газдарын тастауға берілетін квотаны саудалау бола алар еді", - деді Н.Назарбаев.

Президент осы орайда Қазақстанның ағымдағы жылғы наурызда осы құжатты бекіткенін еске салды. "Бұл біздің алдымызда энергетикалық тиімді технологияларды дамыту саласында жаңа мүмкіндіктер тудырады, ол $1 млрд дейін инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", - деді ол.

"Осыны пайдаланып, Қазақстанда квотаны саудалау тетіктерін дәйектеу және осыған арнап сауда алаңын құру мүмкіндіктерін зерттеу қажет", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны